Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстанда шетелдік компаниялар ауыл шаруашылығына арналған жерлерді сатып ала алмайтындығын мәлімдеді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
“Шетелдіктерге жер уақытша қолдануға да сатылмайды.Ауыл шаруашылығы жерлері шетелдіктерге сатылмайды, сатылатын болмайды да”- деді ауыл шаруашылығы министрі.
Сонымен қатар Қазақстан азаматтары да ауыл шаруашылық жерлерін жеке меншікке сатып ала алмайтынын ескертті.