Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баспасөз конференцияда Арыстағы емханалар мен ауруханалар жаңа құрылыс тізіміне кіргенін айтты.
“Арыста екі медициналық нысан бар: қалалық емхана және аурухана.Емхана жөнделіп қалпына келтірілді.Емхана жұмысын күшейту мақсатында қаланың 17 ауданында жылжымалы 5 медициналық жылдам жәрдем жұмыс істеп жатыр.Ауруханада жөндеу жұмыстары өтіп жатыр.Бір ай жөндеу жұмыстары өткізіледі.Әзірше жоспарлы және шұғыл медициналық көмекті жақын жердегі аудандық аурухана, Шымкент облыстық ауруханасында ұйымдастырдық”-деді денсаулық сақтау министрі.
Елжан Біртановтың айтуынша, кұрылыс бойынша шешім премьер-министр Асқар Мамин келгенде қабылданды.
“Қазір жоба-сметалық құжаттар дайындалуда.Аурухана мен емхана жаңадан салынатын болады.Олар ертеде салынғандықтан ескірген.Толық жаңа жабдықтармен қамтамасыз етіледі,-деді Елжан Біртанов.
Қазақстан денсаулық министрлігінің басшысы Арыста эпидемиологиялық аиан-саулық жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
“Барлық үйлерді аралап шықтық,санитарлық өңдеуден өтті.инфекциялық ауру,ауаның бүлінуі табылған жоқ.Жалпы жағдай бақылауға алынған.Арыс тұрғындарына медициналық көмек ұйымдастырылып,дәрі-дәрмек толығымен қамтамасыз етілген,”- деп қосты Елжан Біртанов.
Сурет: Dixinews.kz