Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Амантай Жұмағалиевтің қаулысына сәйкес, бүгінгі күні өңірде түнгі уақытта азаматтардың жүруіне тыйым салынады, деп хабарлайды nur.kz ақпарат ресурсы.
Аймақ тұрғындарына 23:00-ден 6:00-ге дейін көшеге шығуға тыйым салынады. Алайда, бұл үшін анықтама не жұмыс орнын растайтын қызметтік куәлік қажет.
Сондай-ақ азаматтарға дәрі-дәрмек пен азық-түлік тауарларын сатып алу мақсатында түнгі уақытта көшеге шығуға рұқсат етіледі.
Бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілгендей, тыйым шұғыл жағдайларда және медициналық көмек үшін шығатындарға қолданылмайды.
Соңғы мәліметтер бойынша, Атырау облысында коронавирусты жұқтырудың 5466 жағдайы ресми түрде тіркелді, ал елімізде олардың жалпы саны 47171 құрайды.
Бұрынырақ бүгіннен бастап Қазақстан Республикасында екі апталық қатаң карантин енгізілгені хабарланған. Бұл шешімді коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында мемлекеттік комиссия қабылдады.