Атырау облысындағы Ойыл өзенінде жаппай балық өлді, деп хабарлайды “ҚазАқпарат” халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.
Әлеуметтік желілерде Қызылқоға ауданындағы Ойыл өзенінің жағасында көп өлі балықты түсірген бейнежазба пайда болды. Бұл фактіні бүгін Атыраудағы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Нариман Жүнісов растады.
Жүнісов хабарлағандай, ауданға балықтың қырылу себептерін анықтау үшін комиссия шығып, судың, топырақтың және өлген балықтың сынамасы алынды. Мемлекеттік органдар оқиғаның себептерін анықтайды. Алдын ала болжам бойынша, балық қыста оттегінің жетіспеушілігінен қаза тапты.
Сурет: inform.kz