Шығыс Қазақстан облысындағы екі балықшы Бұқтырма су қоймасыны үстінен жүріп бара жатқан кезде батып кете жаздады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі, облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасай отыра хабарлайды. Автокөлік суға кетті, балықшылар құтқарылды.
Бұл кеше Күршім ауданында, Қара Бұқтырма су қоймасының Табанды ауданында болған оқиға. Екі балықшы, Өскемен қаласының және Донское ауылының тұрғындары, балық аулауға келді. Мұз көліктің салмағын көтере алмай, машина суға кете бастады. Балықшылар машинаны тастап шықты. Көлік тереңдігі бір жарым-екі метрге дейін жетті. Еркектердің бірінің телефоны жарамды болып, ол құтқару қызметіне хабарлады
Күршімнен оқиға болған жерге дейін жету уақыты,шамамен, бір жарым сағат. Құтқарушылар өз автокөліктерін жағада қалдырып, телефон арқылы хабарласа отыра,балықшыларды жаяу іздеді.
Нәтижесінде құтқарушылар балықшыларды Күршім қаласына жеткізді.
ШҚО ТЖД қысқы балық аулау әуесқойларына көктемде су қоймаларына көлікпен шығуға жол берілмейтінін еске салды.
Сурет: inform.kz