“Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Ербол Устеміров кейбір теріс пиғылды шенеуніктер төтенше жағдай режимін сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау үшін қолданғанын айтты, деп хабарлайды “Қазақпарат” ақпарат агенттігі.
“Атамекен” палатасы басшысының орынбасары төтенше жағдай режимі кезінде біздің республикамызда мемлекеттік сатып алуды өткізудің жаңа тәртібі енгізілгенін, оның мерзімі азайтылғанын және әлеуетті өнім берушілерге қойылатын талаптар өзгергенін атап өтті.
Сонымен қатар, сатып алудың жаңа тәртібі бір жағынан мемлекеттік органдарға оларды жедел жүзеге асыруға мүмкіндік бергенін, бірақ екінші жағынан сыбайлас жемқорлықты жеделдетуге жағдай туғызатынын, теріс пиғылды шенеуніктер оны пайдаланғанын түсіндірді.
Ербол Устемировтың айтуынша, төтенше жағдай режимі кезінде Қазақстанда мемлекеттік сатып алу бойынша тауарлардың құны 43%-ға өсті.
“Мемлекеттік органдардың қара ниетті лауазымды тұлғалары қандай да бір сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын жасау үшін осы ерекше тәртіпті пайдаланады”,- деп толықтырды кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары.
Төтенше жағдай режимі біздің республикада ағымдағы жылдың 11 мамырынан бастап әрекет етуін тоқтатты, алайда Қазақстанда карантин сақталды, өйткені коронавирус індеті әлі жойылған жоқ.
Сурет: obk.kz