Астрахань мемлекеттік университетінде оқып жүрген қазақстандық студенттер оқу жылының аяқталуын күтпестен отанына арнайы автобус рейсімен барды. Бұл туралы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.
“Оқу жылының ресми аяқталуын күтпестен 26 студент елге аттанды. Ректордың тапсырмасы бойынша ЖОО 45-орындық автобусты жалға алды, онда студенттерді коронавирустан қорғаудың барлық шараларын сақтай отырып, Ресей-Қазақстан шекарасына дейін жеткізеді”, – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, студенттер шекарада кездесіп, тиісті тексеру жүргізіп, оларды тұрғылықты жеріне апарады. Он тоғыз адам Ақтауға, жеті адам Атырауға барады.
Астрахан облысында коронавирустық инфекцияның 535 жағдайы ресми түрде расталды. 101 адам сауығып, бес адам көз жұмды.
Сурет: yandex.ua