“Қазгидромет” РМК Астана, Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында дабылды ескерту жариялады, деп жазады 365info.kz.
22 қарашада Астанада тұман түсіп, көктайғақ болады, 23-24 қарашада боран соғады. 22 қарашада таңертең және күндіз 23-24 қарашада елордада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
22 қарашада Ақмола облысында тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады: түнде кей жерлерде оның жылдамдығы 15-20 м/с құрайды, күндіз мұндай күшті жел өңірдің басым бөлігінде соғады. Кей жерлерде екпіні 25 м/с болады деп болжануда.
23-24 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, оңтүстік-батыстан жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с.
24 қарашада Қызылорда, Жамбыл облыстарында, 24 қарашада күндіз Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарында жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с және одан да көп болады деп күтілуде.