Еліміздің кейбір ірі қалаларында мереке 30 наурызға дейін жалғасады. Наурыз – Орталық Азия елдері тойлайтын үлкен көктем мерекесі. Қазақстанның ірі қалаларында мереке 30 наурызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Sputnik.kz.
Елордада мерекені тойлау ЭКСПО аумағында өтеді, онда киіз үйлер кешені орнатылады. Бұл жерде этномәдени орталықтардың өкілдері ұлттық салт-дәстүрлерді көрсетіп, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрме-сатылымын ұйымдастырады.
Бейсенбі, 21 наурыз күні сағат 10.00-де Алматыда салтанатты шеру өтеді. Ол Қазақ мемлекеттік циркінде басталады. Алдын ала мәліметтер бойынша, шеруге екі мыңға жуық адам қатысады.
Сонымен қатар, көрме орталығының аумағында ит жүгірісі мен ит көрмесі жоспарланған, онда Қазақстандадық көне тұқымды тазылар, сондай-ақ төбет тұқымды бөрібасарлар көрсетіледі.
Мереке күндері қала тұрғындары мен қонақтары Астана алаңында, Панфилов және Жібек Жолы көшелерінде, Атакент көрме орталығында, Almaty Arena және Halyk Arena спорт кешендері аумағында, сондай-ақ «Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде түрлі концерттер, жәрмеңкелер, фестивальдар мен көрмелерге қатыса алады.
Сурет: sputniknews.kz