Біздің республикада пара алды деген күдікпен елордалық мәдениет басқармасының бастығы Нұрлан Сыдықов ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz ақпарат ресурсы.
Дереккөзде Нұр-Сұлтан басқармасының басшысы 10-12 миллион теңге алған кезде қолға түскені жазылған. Пара алу “Алау” спорт нысанының жөндеу жұмыстарымен байланысты.
Қазір Нұрлан Сыдықов тергеу изоляторында. Сотқа дейінгі тергеудің барлық қажетті рәсімдері жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Қазақстандық ақпараттық интернет-ресурстарда, атап айтқанда, 1 маусымда пара алды деген күдікпен Нұрлан Сыдықовтың қамауға алынғаны туралы ақпарат пайда болған.
Нұр-Сұлтан атқарушы билік органы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Сыдыковтың ұсталғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берген жоқ.
Алайда, астаналық соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова сотқа дейінгі тергеу материалдары жария етілмейтіндігін нақты түсік берді. Ол тек прокурордың рұқсатымен жария етілуі мүмкін.
Нұрлан Сыдықов өткен жылы елордада мәдениет басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Оған дейін ол Алматыда осындай лауазымда қызмет етті.
Сурет: Kt.kz