Футбол фристайлы деп аталатын бағыт бұрын бізде мүлде қолға алынбаған еді – 24.kz
Енді Қуаныш Әбдуәлиев есімді спорт жанашырының арқасында Астанадағы 2 мектепте арнайы секция жұмыстын бастады. Ол жерде 7 мен 14 жас аралығындағы балалар аптасына бірнеше рет шеберліктерін шыңдай алады. Жоба авторларының айтуынша, бұл әдістеме шетелде жақсы дамыған. Соның арқсында ұлттық құрамалары әлемдік және құрлықтық чемпионаттарда өнер көрсетіп жүр. Ал Астанадағы мектеп алдағы уақытта аясын кеңейтіп, еліміздің басқа аймақтарында да өз бөлімшелерін ашуды жоспарлап отыр.
Садық Мұстафаев, ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры:
– Роналду мен Месси футболда әдемі әдістер жасап жатады. Қазақ балаларын осы бағытта тәрбиелесек, елімізде футбол дами түседі.