Астана бейбітшілік және Келісім Сарайының бас директоры Әділ Арын ұсталды. Оны 20 млн теңгеден астам ақша ұрлаған деп күдіктеніп отыр. Бұл туралы “Время”газеті жазды.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторында. Бас директор ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бастығы және өзінің институт серіктестері Айдос Исахановпен бірге 2017 жылдың күзінде “Astana Art Creative Group” фирмасын жалған тұлға, Исахановтың туысына,тіркеген. Бұл фирма Мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқылы.
Бір сатып алу барысында күдіктілер 20 млн. теңгеден астам қаражат алды.
Жаңа жылдық мерекелерді өткізу туралы шартқа қол қойылғаннан кейін, оларға 130 шаршы метр LED-экран қажет болған. Исаханов бір қызметкердің жеке жабдықтары бар екенін кездейсоқ білген, тек оның өлшемі басқа екен Бұл жабдықты сарай қоймасында ұстаған.
Исаханов қысқа мерзімде бастыққа экран сатып алу үшін негіздеме-хат жіберіп,кейін 33-тен 39 млн теңгеге дейінгі бағамен жабдықты ұсынған нақты сатушылардан баға ұсыныстарын жинап алған.
Олармен келісім-шартқа отырған, экранды арзанға ұсынған “Astana Art Creative Group” фирмасына 32 778 000 теңге түсіп, оның ішінде экранның нағыз иесі небәрі 11,5 млн теңге алған.
Қалғанын, тергеудің есебі бойынша,Исаханов пен Арын өзара бөлісті.\
Алайда тексеру кезінде экранның бұзушылықпен сатып алынғаны анықталды. Бағалаушылар тауарды тек 12 млн аса теңгеге бағалап, тергеу басталды.
Осы уақытта Арын “Astana Art Creative Group” компаниясын жоюға мәжбүр етті
Артынға қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі (бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемдену немесе ысырап ету) бойынша тергеледі. Ол 2 айға қамауға алынды.
Сурет: Astana-piramida.kz