Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Астана әкімі қала объектілерімен танысуды бастады

6 года назад
Столичный аким начал знакомиться с городскими объектами

Астана әкімі Алтай Көлгінов қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге жауапты нысандарды аралады, деп хабарлайды Zakon.kz астаналық әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Алтай Көлгінов қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нысандары бойынша өзінің алғашқы сапарын ЖЭО-2-ден бастады және қаланың көше жарығының сапасын тексерді.

Қала басшысының назары ЖЭО-2-ге түсуі кездейсоқ емес, себебі жылу электр орталығы жылу және сумен жабдықтау жүйесінің тізбегіндегі алғашқы және ең маңызды буындардың бірі болып табылады.

Елорда әкіміне жылу беру маусымына дайындық туралы баяндалды.

Сапар барысында Алтай Көлгінов жылу беру маусымына алдын ала дайындық қажеттігін атап өтті

Бүгінде ЖЭО-1 және ЖЭО-2 2513 көп пәтерлі тұрғын үйді жылу энергиясымен қамтамасыз етеді.
-Жылыту маусымы кезінде қалалықтардың үйлеріне жылу беруді тоқтатылмауы үшін, алдағы суыққа алдын ала дайындалу керек — деді қала әкімі.

Сондай-ақ, Алтай Көлгінов тексеру барысында қаланың сыртқы жарықтандырылуын тексерді,себебі жарықтандырылған көшелер түнде қала тұрғындарының қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.

Елбасының тапсырмасы бойынша Smart City жобасы аясында елордада көшені жарықтандыруда энергия тиімділігін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты әкім осы бағыттағы жұмысты күшейту қажеттігіне назар аударды.

— Қалада балансқа алынбаған көшелер бар,онда шамдар жанбайды немесе жарық мүлде жоқ. Мұндай жағдайға жол берілмейді, себебі ол ақтауға болмайтын жағдай. Сонымен қатар балалар осы көшелерде, әсіресе жазғы каникулда жүреді. Бұл қауіпсіздік мәселесі және шұғыл шаралар қабылдауды талап ететінін нақты түсіну қажет — деп қала әкімі Алтай Көлгінов өз ұстанымын атап өтті.

Сондай-ақ «Есіл» өзенінің жағалауы, «Жастар» шағын ауданы, «Нұрлы Жол» жаңа вокзалы ауданы бағыттары қамтылды.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Қазақстан БҰҰ-мен ғарыштық меморандумға қол қойды

Келесі

Ресей президенті сауда қырқыстарын тоқтатуға шақырды

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.