Астана әкімі Алтай Көлгінов қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге жауапты нысандарды аралады, деп хабарлайды Zakon.kz астаналық әкімдік сайтына сілтеме жасап.
Алтай Көлгінов қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нысандары бойынша өзінің алғашқы сапарын ЖЭО-2-ден бастады және қаланың көше жарығының сапасын тексерді.
Қала басшысының назары ЖЭО-2-ге түсуі кездейсоқ емес, себебі жылу электр орталығы жылу және сумен жабдықтау жүйесінің тізбегіндегі алғашқы және ең маңызды буындардың бірі болып табылады.
Елорда әкіміне жылу беру маусымына дайындық туралы баяндалды.
Сапар барысында Алтай Көлгінов жылу беру маусымына алдын ала дайындық қажеттігін атап өтті
Бүгінде ЖЭО-1 және ЖЭО-2 2513 көп пәтерлі тұрғын үйді жылу энергиясымен қамтамасыз етеді.
-Жылыту маусымы кезінде қалалықтардың үйлеріне жылу беруді тоқтатылмауы үшін, алдағы суыққа алдын ала дайындалу керек – деді қала әкімі.
Сондай-ақ, Алтай Көлгінов тексеру барысында қаланың сыртқы жарықтандырылуын тексерді,себебі жарықтандырылған көшелер түнде қала тұрғындарының қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.
Елбасының тапсырмасы бойынша Smart City жобасы аясында елордада көшені жарықтандыруда энергия тиімділігін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты әкім осы бағыттағы жұмысты күшейту қажеттігіне назар аударды.
– Қалада балансқа алынбаған көшелер бар,онда шамдар жанбайды немесе жарық мүлде жоқ. Мұндай жағдайға жол берілмейді, себебі ол ақтауға болмайтын жағдай. Сонымен қатар балалар осы көшелерде, әсіресе жазғы каникулда жүреді. Бұл қауіпсіздік мәселесі және шұғыл шаралар қабылдауды талап ететінін нақты түсіну қажет – деп қала әкімі Алтай Көлгінов өз ұстанымын атап өтті.
Сондай-ақ “Есіл” өзенінің жағалауы, “Жастар” шағын ауданы, “Нұрлы Жол” жаңа вокзалы ауданы бағыттары қамтылды.