ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Қарағанды аумағында жалған шот-фактураларды шығару бойынша заңсыз қызметпен айналысқан тұлғалар тобын ұстады, деп комитеттің баспасөз қызметі хабарлайды.
“ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 2016-2020 жж.кезеңінде Қарағанды аумағында жалған шот-фактураларды шығару бойынша заңсыз қызметпен айналысқан тұлғалар тобының қызметін әшкереледі.
Тергеу барысында заңсыз салық төлеуші-контрагенттерге жалған шарттар жасасу және шығындарды жасанды түрде ұлғайту жолымен бюджетке салық төлеуден жалтаруға жәрдемдесуді жүзеге асыру мақсатында 7 адамнан тұратын топ 13 бақылаудағы кәсіпорын құрғандығы анықталды”, — делінген комитеттің таратылған хабарламасында.
Аталған адамдардың қылмыстық іс-әрекетінен келтірілген жалпы залал 700 миллион теңгеден асты.
7 күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез – құлық туралы қолхат түрінде, 1 күдіктіге қатысты-үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
30 желтоқсанда қылмыстық іс бекітілген айыптау актісімен сотқа жіберілді.
Сурет: inform.kz