Қарағандыда аялдамада үш ер адам төбелесті. Олардың бірі жартылай жалаңаш. Аялдамада оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды , деп хабарлайды NUR.KZ.
Әлеуметтік желіде оқиға ролигі кең тараған, онда екі ер адам автобустан жартылай жалаңаш ер адамды далаға шығарып жатқаны анық көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, жанжал автобуста басталып, одан кейін адамдар көп жүретін аялдамада жалғасқан.
“Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі “бұзақылық” бойынша тіркелген. Полиция қызметкерлері қылмысқа қатысушыларды анықтау және ұстау бойынша шаралар қабылдауда”, – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: aspekty.net