Факты истории

Қарағанды облысында карантинді жеңілдету Теміртауға қатысы жоқ

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров аймақта карантин шаралары жеңілдетілгенін мәлімдеді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақ тұрғындарына көпшілік жиналмай, аулаларда қыдыруға, сондай-ақ көршілеріне бармай саяжай учаскелеріне баруға рұқсат етілді.

Сонымен қатар, азаматтарға қатаң түрде жазылу бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына, нотариустар мен адвокаттардың кеңселеріне баруға, сондай-ақ химиялық тазалау жұмыстарына рұқсат етілді. Облыста қоғамдық көлік 7:00-ден 10:00-ге дейін және 17:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Бұдан басқа, өңірде өнеркәсіп кәсіпорындарының, құрылыс компанияларының, екінші деңгейлі банктердің және оптика дүкендерінің жұмысы біртіндеп қайта басталатын болады. Сондай-ақ санитарлық бекеттер алынады.

Алайда, әкім орынбасарының айтуынша, Теміртауда карантиндік шаралар әлі де жеңілдетілмейді, себебі қазір эпидемиологиялық жағдай күрделі болып отыр. Соңғы үш күнде қалада COVID-19 жұқтырудың 17 оқиғасы анықталды.

Қарағанды облысында коронавирусты жұқтырудың 139 оқиғасы тіркелді, ал біздің республикада олардың жалпы саны 3019-ға жетті.

Сурет: rus.azattyg.org

Ещё в ленте

Все новости