Біздің мемлекетіміздің білім министрлігі Қазақстанда, бүкіл адамзат үшін нағыз сын-тегеурінге айналған, коронавирусқа қарсы отандық препараттың клиникалық зерттеулері басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды “ҚазАқпарат” ақпарат ресурсы.
Сөз ғылым комитетінің құрамына кіретін биологиялық қауіпсіздік проблемалы ғылыми-зерттеу институтының мамандары жасаған вакцина туралы болып отыр.
Бұл препараттың клиникалық сынақтары Ресейдегідей, атап айтқанда стандартты төрт фазаның орнына екі фазада өткізіледі.
Қазақстандық вакцинаны жасаушылардың айтуынша, зерттеуге 18-ден 50 жасқа дейінгі азаматтар қатысады.
Препараттың қауіпсіздігін анықтайтын бірінші кезеңге 40 адам, ал екінші кезеңге 200 адам қатысады.
Ғылыми қызметкерлер клиникалық зерттеудің екінші кезеңінің басты мақсаты иммуногенділікті зерттеу екенін атап өтті.
Қазақстан Республикасында Сovid-19 таралуының басынан бастап бүгінгі күнге дейін 107056 жұқтыру жағдайы тіркелді. Қазір 101455 адам коронавирустан айықты.
Сурет: sputniknews.kz