Жаңа әлеуметтік нысандардың ашылуы, әдетте,мереке қарсыңына келеді, бұл жолы Тәуелсіздік күніне орайластырылды.
Ғимараттарға әкім Бауыржан Байбек келіп қарады. Ол қаланың денсаулық сақтау саласындағы қызмет сапасын арттыруға уәде беріп, Наурызбай ауданындағы №26 емханада және Алматы қаласының Алатау ауданындағы Саялы шағын ауданындағы 320 орындық қазақ тілінде оқытатын №186 балабақшада орындалған жұмыстардың сапасын тексерді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Тосекбаевтың айтуынша, емхана 1939 жылы салынған ауылдық аурухана орнында салынған. Ол Таусамалы, Тастыбұлақ, Таужолы, Қарағайлы, Құрамыс және Қарғалы ықшамаудандарының 30 мың тұрғынына қызмет көрсетуге есептелген.
Балабақшада 16 топ ұйымдастыру жоспарланған,бала жасына байланысты әр топтың өзінің оқыту әдістемесі – Монтессори, Дьенеш Блоктары, құм терапиясы және т.б. болады. Балаларды қабылдау 19 желтоқсаннан басталады,ал өтініштерді Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы беруге болады.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі