Алматы қаласының санитарлық дәрігерлері 6 қоғамдық тамақтану мекемесіндегі бұзушылықтарды анықтады.
Алматының санитарлық дәрігерлері асхана-лагманхананың және тағы 5 қоғамдық тамақтану кәсіпорнының бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлады “Алматы” телеарнасы.
Олардың айтуынша, тамақ пен ыдыста микроорганизмдер табылды. Дәрігерлер лагман жеген клиенттердің бірінде гастроэнтероколит анықтады.
Санэпидемиологтар материалдарды сотқа жіберді.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім бастығы Әнел Мұсаева лагманхананың сәйкестікке санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы жоқ, ал азық-түлік пен шикізат сапа мен қауіпсіздікке сәйкес еместігін хабарлады. Мекемеде адамдар санитарлық кітапшаларсыз жұмыс істейді, тауарды қатар қою қағидаты сақталмаған.
Лагманхананың меншік иесі 50 000 теңге айыппұл төледі, сот алдағы күндері асхана жағдайын шешеді.
Сурет: бейнеден кадр