Өскемен қаласының әкімі Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің сәулет-құрылыс факультетінің студенттерімен өткен кездесуде сәулет саласындағы студенттердің үздік жобаларына “Оѕкемеп Saylet” (“Өскемен сәулет”) конкурсын жариялады. Студенттерге оқытушылар көмектеседі.
Конкурс 3 номинациядан тұрады, олардың әрқайсысына 10 жоба қатысады. Шағын сәулеттік нысандар мен ғимараттар саласындағы үздік шешімдер таңдалады. Жүлде қоры – 5 млн. теңге.
Үздік ұсыныстар жүзеге асырылады,оларды жасаушылар мердігерлік ұйымдардың құрамына енеді.
Қазіргі уақытта студенттер мен оқытушылар байқауға қатысатын эскиздерді жасау жұмыстарын бастады.
Сәулет және дизайн кафедрасының доценті Татьяна Иноземцева тек архитектура техника, өнер және гуманитарлық ғылымдар салаларынан көптеген білімдерді қамтиды деп санайды. Ол студенттер тұрғын үй кварталдары мен аулаларды жобалауға үлкен қызығушылық танытқанын атап өтті.
“Сәулет саласы күрделі, бірақ өте қызықты. Жоба терең талдауды талап етеді – нысан кімге салынып жатыр, іргелес инфрақұрылым қандай, көлік қозғалысы, көгалдандыру және т.б. қалай ұйымдастырылған”, – деді ол.
Байқауды жыл сайын өткізу жоспарланып отыр. Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл болашақ сәулетшілерге жүйелі қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді және болашақта Өскеменді дамыту үшін идеялар банкін құрады.
Сурет: tengrinews.kz