22 ақпанда сағат 6: 38-де Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне Наурызбай ауданы Шұғыла шағын ауданында жеті адамнан тұратын отбасы тұншықтырғыш газбен уланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Барлық отбасы мүшелері ауруханаға жеткізілді, оның бесеуі балалар.
Улану көзі – есігі жабылмай қалған, отынмен жағылатын пеш.
Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметі бойынша, бүгінгі таңда зардап шеккендердің жағдайы қауіп төндірмейді. Барлық отбасы мүшелері дезинтоксикациялық терапия алады. Саналары анық, сұрақтарға жүйелі жауап береді.
Жақын арада шығарылатын болады.
Сурет: kaztag.info