Алматы облысындағы темір жол станциясының басшысы радиация деңгейі жоғары вагондарды кедергісіз өткізгені үшін пара алды, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова.
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында “ҚТЖ” ҰК АҚ “Алтын көл” темір жол станциясының бастығы пара алғанын анықтады. Ол сыртқы экономикалық қызметкерлерінен радиациялық жоғары деңгейі бар вагондарды кедергісіз өткізгені үшін жалпы сомасы 17,8 мың доллар пара алды деп күдікті”, – деп хабарлады Бастарова жұма күні өткен брифингте.
Ағымдағы жылдың 20 ақпанында күдікті ұсталып, Талдықорған қаласының ІІБ-не қамалды.
“Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Тергеу жалғасуда”, – деп атап өтті брифинг барысында.
Сурет: kaztag.info