Алматыда жедел медициналық жәрдем көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Розыбакиев – Өтепов көшелерінің қиылысында “Жедел жәрдем” жарқылдауық маяктарын қосып, бағдаршамның қызыл жарығынан өтпек болған.
Алайда жоғары жылдамдықпен қиылысқа шыққан «Шкода Йети» маркалы жеңіл автокөлігіне кедергі келтірген. Оның жүргізушісі “Жедел жәрдемге” орай тез әрекет ете алмады.
Нәтижесінде Шкода үлкен жылдамдықпен “Жедел жәрдем” автокөлігін бүйіріне соға кіріп аударып жіберді. Шкода соқтығысудан жол үстінде көлденеңінен бұрылып кетті.
Сурет: Sputnik