Қостанай облысының Затобол және Майкөл кенттеріндегі зейнеткерлерден жол полициясы қызметкері ретінде ақша жинады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
14 ақпан күні алданған зейнеткерлер, алаяқтық жолмен ақша алып кеткен, жас адам туралы полицияға арыз берген.
Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізіп, күдікті 27 жастағы ер адамды ұстады.
Қазіргі уақытта екі жәбірленуші белгілі болды.
Алаяқ зейнеткерлердің тұрақты автомобиль бағыттарын біліп алып, полиция формасында оларға келіп, жол қозғалыс ережелерін бұзғанын мәлімдеген.
Содан кейін қылмыскер қарттардан, жауапкершілікке тартуды болдырмау үшін, ақша сұраған. Осылайша ол үш жүз мыңнан астам теңге жинаған.
Алданғандардың бірі, ауладан қашқан жалған полицейді көріп, алаяқ екенін түсінген. Зейнеткер полицияға болған оқиға туралы хабарлады.
Тергеу амалдары жүргізілуде.
Сурет: RostovGazeta