Еліміздің Ішкі істер министрлігінің өкілдері Алматының тәртіп сақшылары әуе патрульдері үшін дрондарды қолдана бастағанын айтты, деп хабарлайды “ҚазТАГ” жаңалықтар ресурсы.
ІІМ Алматы полицейлері дрондарды мегаполистегі жол жағдайын талдап, жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтау мақсатында қолданатынын атап өтті.
Оңтүстік астананың әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев, өз кезегінде, дрондар жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды ғана емес, кептелістерді, сондай-ақ күтпеген жағдайларды да анықтауға мүмкіндік беретінін айтты.
Сонымен қатар, Мұраталиев кептелістер мен күтпеген жағдайлар анықталған болса, құқық қорғау органдарының қызметкерлері дереу оларды жоюға қажетті шаралар қабылдайтынын нақтылай айтты
Жол қозғалысы ережелерін бұзушылар туралы айта келе, Мұраталиев егер дрон даңғой жүргізушіні анықтаса, онда полицейлерге тәртіп бұзушы туралы барынша ақпарат беріледі, содан кейін жақын маңдағы патрульдік экипаж оны ұстау бойынша шаралар қабылдайды.