Алматы қалалық соты Қордай оқиғасына қатысы бар деген күдікпен 24 адамға қатысты бұлтартпау шарасы қолданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz жаңалықтар арнасы.
Бұл шара Наурыз айының соңында Алматы, Шымкент және Жамбыл облысында өткізілген ауқымды арнайы операция барысында құқық қорғау иелері ұстаған азаматтар туралы. Кейін тергеу іс-шаралары кезінде санкция енгізу мақсатында оларды оңтүстік астанаға тасымалдаған.
Алматы сотының шешімімен ұсталғандардың барлығы екі ай мерзімге қамауға алынды. Олар зорлық-зомбылық, өртеу, қирату және мүлікті жою болған жаппай тәртіпсіздікке қатысты деп күдікке іліккен.
Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар өз қылмыстары үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге түрмеге қамау түріндегі жаза алуы мүмкін.
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жанжал ағымдағы жылдың 7 ақпанында орын алды. Тәртіпсіздік салдарынан адамдар қаза тауып, зардап шекті, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың үйлері мен дүкендері өртелді.
Қазақстан Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, Қордай оқиғаларының себебі заңсыз кіріс көздерін бақылау үшін күрес.
Сурет: iz.ru