Алматылық полицейлер интернет арқылы махинация схемасын ұйымдастырған алаяқтар тобын ашты. Олар 800-ден астам адамды алдап, миллиардтан астам теңгені ұрлап кеткен. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
Ол атап өткендей, карантиндік шаралар мен өзін-өзі оқшаулау кезінде тұрғындар интернет арқылы көбірек сатып ала бастады, бұл интернет-алаяқтықтың өсуіне себепші болды.
“Жақында ғана Алматыда интернет-махинациялардың тұтас схемасын ұйымдастырған топ пайда болды. Қылмыскерлер жалған-крипто-валюталарды айналымға енгізіп, 800 — ге жуық азаматтарымыз 1 млрд.теңгеден астам ақша жинады”, – деді Тұрғымбаев.
Министр Қазақстан азаматтарын электрондық төлемдермен операциялар жасау кезінде аса қырағы болуға, сайттар мен компанияларды мұқият тексеруге, сондай-ақ ұсынылатын қызметтердің шынайы болуын шақырды.
“Сонымен қатар, алаяқтар БАҚ-та агрессивті жарнама орналастырып, танымал тұлғалар мен әртістер тартылуда. Мысалы, мұндай әдістер қаржы пирамидаларын, “тиімді қарыз”, “Гарант 24 Ломбард”, “Эстейт ломбард”МКҰ құру кезінде қолданылды. Олардың әрекетінен 39 мың салымшы 8 миллиард теңгеден астам қаражат пен мүліктен айрылды. Олардың көпшілігі қазір өте ауыр материалдық жағдайда”, — деді Тұрғынбаев.
Ол ішкі істер министрлігінде арнайы жедел-тергеу тобы құрылғанын мәлімдеді.
Сурет: yandex.ua