Халықтың әлеуметтік осал топтары санатына кіретін алматылықтар коммуналдық қызметтер үшін 80 млн теңгеге жуық қарызды есептен шығарды. Барлығы бес мыңнан астам адамды қамтыды.
Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша 5055 тұтынушы жылу, ыстық және суық су үшін дебиторлық берешекті есептен шығара алды. Шара тек мұқтаж азаматтарға ғана әсер етті, ал коммуналдық кәсіпорындарға жергілікті бюджет есебінен қаражат төленді.
Мәселен, түрлі санаттағы азаматтар үшін коммуналдық қызметтерді төлеуге шамамен 79,9 млн теңге жұмсалды:
– Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері-11 адам 78 061 теңгеге;
– еңбек майданының қатысушылары-840 адам, 4 659 507 теңге;
– ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар-115 адам 1 520 764 теңгеге;
– басқа мемлекеттердегі соғыс ардагерлері-1 881 004 теңгеге 49 адам;
– 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар-15 898 519 теңгеге 462 адам; – бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер-37 619 113 теңгеге 2 709 адам;
– атаулы әлеуметтік көмек алушылар-6 735 501 теңгеге 224 адам;
– ең төменгі зейнетақысы бар және одан төмен зейнеткерлер-7 770 687 теңгеге 211 адам — ;
-мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар – 2 438 187 теңгеге 346 адам; — асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы алатын отбасылар – 1 271 369 теңгеге 88 адам.
Сурет: nur.kz