Алматы облысының тұрғындары “Жолдағы қабылдау” акциясын өткізу барысында ЕЭО елдерінен автокөліктерді тіркеу мәселесі қызықтырды. Акция жергілікті полиция қызметкерлерімен ұйымдастырылды.
Акцияға полиция мен қалалық бөлімшелердің барлық басшылық құрамы қатысты. Акция барысында талқыланған тақырып Еуразиялық экономикалық одақтан әкелінетін автокөліктерді тіркеу мүмкіндігі болды.
“Ең көп сұрақтар әкімшілік полиция басқармасына қатысты болды. Азаматтар Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейден әкелінетін көлік құралдарын тіркеу мәселелерінде, сондай-ақ біздің елде көлік құралдарын тіркеу тәртібі туралы толық кеңес алды. Электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтер туралы түсінік берілді. Сондай – ақ автокөлікті қайта жабдықтауды ресімдеу, айыппұл төлеу және қару-жараққа рұқсат беру құжаттарын беру мәселелері талқыланды”, – деп Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.