Алматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосында жемқорлыққа қарсы күрескерлердің биылғы бес айдағы жұмыстарының нәтижелері туралы айтылды. Бұл туралы zakon.kz ақпарат агенттігі жазады.
Ағымдағы жылдың 5 айында Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері 86 сыбайлас жемқорлық қылмысын анықтады, оның 53-і пара алу фактісі бойынша.
Алаяқтық фактілері бойынша 19 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, 3 – лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, 2 – бюджеттен ақша қаражатын ұрлау және 2 – билікті асыра пайдалану фактілері анықталды.
Сыбайлас жемқорлық үшін сот мекемелерінің қызметкерлері мен жергілікті құқық қорғау органдардың басшыларын қоса алғанда, 46 адам жауапкершілікке тартылды.
Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Данияр Таумұраттың айтуынша, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін Алатау ауданының бұрынғы әкімі мен Бостандық сотының төрағасы жауапкершілікке тартылды.
Бұдан басқа, Данияр Таумұрат оңтүстік астанадағы Наурызбай ауданының судьяларының біріне қатысты ашылған қылмыстық іс туралы айтты.
Бұл судья азаматтық іс бойынша оң шешім шығарғаны үшін 850 мың теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді. Сот оны сыбайлас жемқорлық қылмысыны үшін кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік және құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды.
Сурет: inosmi.ru