Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты “Алматы марафонында” ұсталған үш азаматтың ісін қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сүйінбике Сүлейменова, Айдос Нұрболатов пен Айгүл Нұрболатова 488-баптың 1-бөлігі бойынша (бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу туралы заңнаманы бұзу) айыпты деп танылды және 20 ең төменгі есептік көрсеткіш (50500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Бұдан бұрын полиция қызметкерлері Асия Тулесова мен Бейбарыс Толымбековпен бірге плакат ұстаған, тағы үш жасөспірім ұсталғанын хабарлады. Тулесова мен Толымбеков 15 күнге қамауға алынды. Апелляцияға байланысты сот 22 сәуірге ауыстырылды. Ұсталғандар Қазақстандағы әділ президенттік сайлау өткізуге өз пікірлерін білдірді.
Сурет: Zakon.kz