Біздің республикамыздың фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова бүгін онлайн-брифинг өткізді. Оның барысында дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауы туралы айтты, деп хабарлайды tengrinews.kz ақпарат ресурсы.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген дәрі-дәрмектің шекті бағасын бірде-бір дәріхана бұзған жоқ.
Сонымен қатар, ол кез келген кәсіпкер медициналық дәрі-дәрмектердің бағасын негізсіз көтермейді, себебі мұндай әрекеттер үшін айыппұл салынып, лицензиясының қолданылуын алты ай мерзімге тоқтату көзделеді.
Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев өз кезегінде Алматы дәріханаларындағы дәрі-дәрмектердің бағасын күніне екі рет бақылайтын мониторинг топтарының жұмысы туралы айтты.
Оңтүстік астана әкімінің орынбасары мегаполистің дәріханаларындағы дәрі-дәрмектердің бағасы көтерілмегенін, мониторингтік топтар бірде-бір дерек таппағанын мәлімдеді.
Алайда Алматыда алыпсатарлар бар. Тұяқбаевтың айтуынша, қалада дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен қайта сатудың 11 фактісі тіркелген. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.