Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

АҚШ-та жеңіске жеткен демократтар Қазақстан басшылығына өз ықпалын күшейтеді

5 года назад
Победившие в США демократы усилят свое влияние на руководство Казахстана

АҚШ-тағы президенттік сайлау өтіп, Демократиялық партиядан үміткер Джозеф Байден жеңіске жетті. Америкалық Демпартия өкілдерінің Қазақстан басшылығымен байланысы тығыз екенін ескере отырып, біздің еліміз американдықтардың Орталық Азиядағы саясатының жеткшісі болуы мүмкін бе деген сұрақ туындайды.

Демократтар Қазақстанмен алғашқы байланысты 90-шы жылдары, АҚШ-тың 42-ші президенті Билл Клинтон мен Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев біздің ел мен АҚШ арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы алғашқы келісімге қол қойған кезде орнатты.

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында америкалық тарап республикамыздың ірі инвесторларының біріне айналды. Мұны Қазақстанға соңғы он жылда АҚШ салған 28 миллиард доллар дәлелдейді. Бәлкім, американдықтар біздің еліміздің өндіруші өнеркәсібіне капиталын ұлғайтуды жалғастырады.

Байденнің келуімен Вашингтон біздің елге ерекше назар аударады, өйткені ол АҚШ-тың бәсекелес мемлекеттерінің бірі — Ресеймен шектеседі. Меніңше, америкалықтар Нұр-Сұлтан мен Мәскеу арасында қарым-қатынасты бұзуға тырысып, Қазақстаннан Ресеймен интеграциялық байланыстарды азайтуды немесе тіпті үзуді талап етеді.

Сонымен бірге АҚШ шын мәнінде өзінің ықпалын ілгерілету және Орталық Азия республикаларындағы жағдайды шайқау үшін қызмет ететін әлеуметтік, гуманитарлық және экологиялық бағдарламалар ретінде жаңа қаражат бөле отырып, Қазақстан мен Орталық Азиядағы өз қорлары мен үкіметтік емес ұйымдарын нығайтатын болады.

Мәскеуге қарсы ықтимал ықпалшаралар біздің елге әсер етпейді. Америкалықтар Қазақстанды Ресейге қатысты болашақ ықпалшаралардың әсерінен шығаруға тырысады. Мұндай саясат Барак Обаманың президенттігі кезінде жүргізіліп, мақсаты Қазақстан мен Ресей Федерациясын бөлу болды.

АҚШ-тың экономикалық және саяси салалардағы ықпалының бұлай күшеюі, батысшыл үкіметтік емес ұйымдар мен Сорос сияқты қорлардың жандануы саяси тұрақсыздықтың негізін құрайтындықтан, елді белгілі бір елеулі қауіп-қатерлерге алып келеді.

Сонымен қатар, көршілермен қарым-қатынастың нашарлауы мүмкін, өйткені Қытай, Иран, Ресей тіпті де республиканың Орталық Азияда АҚШ-тың саясатын жүргізетініне мүдделі емес. Мұндай геосаяси ауытқу, «көп векторлылыққа» қарамастан, нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі интеграцияның үдемелі процесіне зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан Нұр-Сұлтан жеңіске жеткен демократтарға құшақ жаюдан бұрын мұқият ойлануы керек.

Халықаралық қатынастарды зерттеу орталығының сарапшысы Мұхтар Асанов, арнайы «Эхо Казахстана» үшін

Новости СМИ2
Алдыңғы

Шымкент белсенділері тергеуге түсті: олар тыйым салынған ұйым қызметіне қатысты деп күдікке ілінді

Келесі

Батыс Қазақстанда сайлау қарсаңында жағдайды шайқауға тырысады

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.