Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Ақмола облысының Ерейментау ауданында дала өртінің сөндірілгенін айтты.
Ақмола облысы Ерейментау ауданында өрт сөндірушілер екі тәулік бойы дала өртін сөндірді. Өрт 11 тамызда сағат 09: 30-да оқшауланып, 15: 50-де сөндірілді. Өрт алаңы 300 га, жақын маңдағы өрт сөндіру бөліміне дейінгі қашықтық 150 км.Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ”, – деп хабарлады департаменттен.
Өртті сөндіруге ТЖД 52 қызметкері және 12 бірлік техника, “Ерейментау” ОШ ҚММ 14 адамы және 3 бірлік техника, ЖАО 112 қызметкері және 18 бірлік техника, “KazHorseMugalzhar” ЖШС 6 қызметкері және 2 бірлік техника, “Қырманбай” ШҚ 2 қызметкері және 2 бірлік техника жұмылдырылды.
Ақмола облысы ТЖД-да Ерейментау ауданында дала өртін жою бойынша жедел штаб құрылды, жағдай облыстық ТЖД бастығының бақылауында болды”, – деп толықтырды ведомстводан.