Факты истории

Ақмола облысында өрт сөндірушілер дала өртін сөндірді

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Ақмола облысының Ерейментау ауданында дала өртінің сөндірілгенін айтты.

Ақмола облысы Ерейментау ауданында өрт сөндірушілер екі тәулік бойы дала өртін сөндірді. Өрт 11 тамызда сағат 09: 30-да оқшауланып, 15: 50-де сөндірілді. Өрт алаңы 300 га, жақын маңдағы өрт сөндіру бөліміне дейінгі қашықтық 150 км.Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады департаменттен.

Өртті сөндіруге ТЖД 52 қызметкері және 12 бірлік техника, «Ерейментау» ОШ ҚММ 14 адамы және 3 бірлік техника, ЖАО 112 қызметкері және 18 бірлік техника, «KazHorseMugalzhar» ЖШС 6 қызметкері және 2 бірлік техника, «Қырманбай» ШҚ 2 қызметкері және 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Ақмола облысы ТЖД-да Ерейментау ауданында дала өртін жою бойынша жедел штаб құрылды, жағдай облыстық ТЖД бастығының бақылауында болды», — деп толықтырды ведомстводан.

Ещё в ленте

Все новости