Кеше, сағат 18:30-да Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Жұмағалиұлы Нұркенов жол-көлік оқиғасына ұшырағаны белгілі болды. Көкшетау қаласынан үш шақырым жерде Петрозаводск-Нұр-Сұлтан трассасында Land Cruiser джип мен асфальт төсегіштің қатысуымен апат орын алды.
Куәгерлердің айтуынша, асфальт төсегіш жол жиегінде жұмыс істемей тұрған, ал әкімнің орынбасары Land Cruiser маркалы жол талғамайтын көлікті жүргізіп кел жатқан. Жомарт Жұмағалиұлы Нұркенов оқиға орнында көз жұмды. Автокөлікте жалғыз болды.
Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметіне Жомарт Нұркенов 2019 жылы 10 сәуірде кірді.
Сурет: kokshetau.asia