Бүгін, 10 мамыр күні Атырау қаласында 80 автокөлік пен мотоциклдердің иелері Жеңіс күніне арналған акция ұйымдастырды. Қала көшелерінде автокөліктер мен мотоциклдердің ұзын легі тұрды. Олар бірінің соңынан бірі Мәңгілік отқа қарай жылжыды.
“Автошеруге 30 мотоцикл мен 50 автокөлік қатысты. Олардың барлығы әскери рәміздермен безендірілген, ал жеті машинаға Кеңес Одағы Батырлары атағына ие болған атыраулықтардың бейнелерін орналастырдық. Отыз шақырымдай жолды жүріп өтіп, колонна Жеңіс саябағында тоқтады”, – деді “Wheels Brothers MC Atyrau” Атырау мотоклубының қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Олег Шмаль.
Автожарыстан кейін қатысушылар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Сурет: Inform.kz