Қазіргі уақытта Ресей мен Еуроодақ арасында шиеленіскен жағдай сақталып отыр, сондықтан көптеген сарапшылар осы елдер мен Қытай арасындағы Орталық Азия өңіріндегі ынтымақтастық одан әрі қалай дамиды деген сұраққа жауап іздеуде. Менің ойымша, Қытай әлі де өзінің “Бір белдеу − бір жол” доктринасын жүзеге асыруды жалғастырады, ал ЕО мен Ресей қандай да бір жолмен құрлық көпірі бойынша өзара қарым-қатынас жасайды, бірақ, әрине, өз шарттары бойынша.
Таяу перспективада Орталық Азиядағы Еуроодақ, РФ және Қытай арасындағы ынтымақтастық екіталай, бірақ Брюссель де, Пекин де дәлізді Ресей мен Қазақстан арқылы дамытуға мүдделлі. Екі тарап та осы көлік дәліздерін сәтті салу үшін, Ресейдің көмегінсіз және қатысуынсыз жасай алмайтындығын жақсы түсінеді. Брюссель бұл туралы тіпті ресми түрде мәлімдеді. Еуроодақтың ОА бойынша стратегиясында ынтымақтастық салаларының бірі инфрақұрылым деп аталды, онда сыртқы серіктестермен, соның бірі Ресей болып табылатын, ынтымақтастық қажет деп санайды. Бірақ жалпы қызығушылыққа қарамастан, Еуропалық Одақ пен Ресей әлі де саяси серіктестікке дайын емес.
Ресей мен Қытай арасында мүлдем басқа қатынас, олардың арасында жақындық бар, соның ішінде блоктық та. Екі ел ЕАЭО-мен “Бір белдеу, бір жол” доктринасын ұштастыру туралы келіссөздер жүргізген кезде жақындасты. Мәскеу үшін мұндай ынтымақтастық маңызды, солай ол үлкен еуразиялық серіктестік тұжырымдамасының шеңберіне сәйкес келеді, онда Қытай жобасы Еуропадан Азияға дейінгі экономикалық өзара іс-қимылды жүзеге асыру мақсатында трансконтиненталдық кеңістікті қалыптастыруға бағытталған интеграциялық бастамалардың бірі ретінде пайда болады. Ресей Еуроодақтың ЕАЭО-мен ресми деңгейде байланыс орнатуына қарсы емес. Алайда, Еуропалық одақ Ақ үйге өте тәуелді болғандықтан, ол жақындасуға дайын емес және Ақ үй оның жақындасуын ешқашан қолдамайды.
Пекин мен Брюссельдің Орталық Азия өңіріндегі өзара іс-қимылына келетін болсақ, бұл мүмкін. Осылайша, Еуроодақ Қытай даму банктерімен тікелей белсенді ынтымақтаса бастауы мүмкін. Бірақ тараптар арасындағы мұндай ынтымақтастық жақын арада орын алуы екіталай, өйткені Еуроодақ Орталық Азия елдерінің Қытайға орасан зор сома төлеуі керектігін ескеріп отыр. Ал Пекинге Брюссельмен қарым-қатынас туралы армандағаннан гөрі, аймақты қаржылық тұрғыдан бақылауға алу сенімділік береді.
Орталық Азия республикалары үшін Ресей, ЕО және Қытай қазір де оларға көмек көрсетіп жатқанын ескерсек, бұл ынтымақтастық онша маңызды емес және оның болашақта неге жеткізері белгісіз.
Алайда, Қазақстан мен өңір елдерінің алдында орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада еуропалық және қытайлық капиталдар ықпал ету салаларына бөлінеді Сондықтан “Еуропалық даму жолын” және ЕО-мен интеграцияны жақтайтын ұлттық либералдар өте күлкілі көрінеді, шынында өндірісті, жерді және сату нарықтарын бөлуде Аспан асты елінің корпорацияларынан, неміс және француз компанияларының айырмашылықтары жоқ. Керісінше, ынтымақтастық өсіп келеді, егер бұл АҚШ қарсы тұрмағанда «Жібек жолы» Еуропаға өтер еді. Бұдан Нұр-Сұлтан қорытынды жасап, бөлініп қалмау үшін, толығымен ЕАЭО-ға бағыт алуы керек деген қорытындыға келуге болады.
Тұрар Каримов, саяси шолушы, арнайы «Эхо Казахстана» үшін