Факты истории

Қазақстан Президенті Швейцария президентін қабылдады

Ақордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Мауермен кездесуі басталды, деп ХАА «ҚазАқпарат»тілшісі хабарлайды.

Жоғары қонақты резиденцияда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды, құрметті қарауыл ротасының қатысуымен ресми кездесу рәсімінен кейін тараптар келіссөздер бөлмесіне кетті.

Келіссөздер тар және кеңейтілген құрамда өтеді. Атап айтқанда, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылау жоспарланған.

Сонымен қатар, Швейцария басшысының ресми сапары аясында Ули Мауераның Қазақстан Үкіметінің басшылығымен кездесуі және екі елдің іскер топтарының қатысуымен дөңгелек үстел басында сөз сөйлеуі жоспарлануда.

Ещё в ленте

Все новости