Факты истории

Алматының экс судьясы пара алғаны үшін сотталды

Қоңтүстік астанасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының өкілдері Алматы қаласының Медеу аудандық сотының азаматтық істер жөніндегі экс-судьясы Гүлмира Әбілқайыр пара алғаны үшін сотталып, айыппұл салынды деп хабарлады.

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ақпараты бойынша, Медеу аудандық сотының экс-судьясы осы соттың бұрынғы хатшысынан, жер учаскесімен байланысты азаматтық іс бойынша делдал ретінде қатысып, оң шешім шығару үшін 3 мың доллар көлемінде пара алды.

«8 қараша күні Алматы қаласының №2 аудандық сотының үкімімен Гүлмира Әбілқайырға 45 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Осы үкіммен сол соттың экс-хатшысына екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Сондай-ақ сотталған адамдар өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару және құқық қорғау органдарында еңбек ету құқығынан айырылды.

Сурет:Aif.ua

Ещё в ленте

Все новости