Факты истории

«АрселорМиттал Теміртау» комбинатында төтенше жағдай.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатында кезекті ТЖ болды. Газ құбырын монтаждау кезінде екі көтергіш кранның жебелері сынған.

Қарағанды облысының индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті басшысының орынбасары Кенгербай Есенеев: «крандардың бірінде жебе жарылып кетті. Басқа кранның жебесі салмақ көтермегендіктен сынған».

Зардап шеккендер жоқ.

Билік әзірге бұл оқиғаға назар аударған жоқ.

Апаттың болжамды себебі- мердігерлік кәсіпорынның монтажды жобалау жұмысындағы қателігі.

Жалпы алғанда, соңғы уақытта жиі болатын апаттардың себебі- кеңес заманынан бері жаңартылмаған, меншік иелерінің пайдасын ұлғайту мақсатында үнемдеуді көздейтін инфрақұрылым дағдарысы.

Сурет: Nur.kz

Ещё в ленте

Все новости