Факты истории

Ресей тікұшақтарын Қазақстанда жинауды жоспарлап отыр

Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин Ресейге жұмыс сапары аясында Қазан тікұшақ зауытының аумағына барды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар барысында Үкімет басшысы зауыт басшылығымен біздің еліміздің аумағында ресейлік тікұшақтарды құрастыру жөнінде жоба мәселелерін талқылады.

«Біз жүзеге асырғымыз келетін ең басты жоба — ҚР-да тікұшақтарды құрастыру. Бұл жобаны «Ресей тікұшақтары» холдингі толығымен қолдайды», — деді Қазан тікұшақ зауытының басқарушы директоры Юрий Пустовгаров.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейге жасаған жұмыс сапары аясында Асқар Мамин Дмитрий Медведевпен кездесіп, Татарстанның жетекші өнеркәсіп кәсіпорындарына барды.

Ещё в ленте

Все новости