Факты истории

Қазақстанның басым бөлігінде қатты жел тұрып, көктайғақ болады

Қазақстанның басым аумағында, 31 қазанда атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты, ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын болады, тек республиканың батыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазақпарат «Қазгидрометке » сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, тұман түседі, көктайғақ болады, күші 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде және таңертең жел күші 15-20 м/с, боран соғады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде көктайғақ болады.

Қостанай облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде кей жерлерде боран соғады.

Жамбыл облысында таңертең және күндіз тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда, Павлодар, күндіз Алматыда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-22 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде тұман түседі.

Атырау облысында түнде кей жерлерде көктайғақ болады

Ещё в ленте

Все новости