Факты истории

Қазақстанда негізгі капиталға инвестициялар өсті

2018 жылдың қорытындысын шығара отырып, экономика министрлігі, негізгі капиталға инвестиция 11,130 трлн теңгені құрағанын хабарлады. Бұл 2017 жылға қарағанда 17,2 % — ға артық.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, инвестицияға ең көп тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу (40,4%), көлік және қоймалау (12,7%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (12,8%) тартылды.

Инвестицияның негізгі көзі — шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты, олар инвестицияның негізгі бөлігін — 73,1 %, мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың үлесі – 12,5 %, банк несиелері – 6,8 % және басқа да қарыз қаражаты – 7,6 %.

Сулет: abctv.kz

Ещё в ленте

Все новости