Факты истории

Алматыда үш кең көшеде қозғалыс жылдамдығын төмендетеді

Көлік қозғалысымен ерекшеленетін үш алматылық көшеде автомобиль қозғалысының жылдамдығын сағатына 60 километрге дейін төмендету шешілді. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді.

«Сарапшылар мен жұртшылықтың негізделген талаптарын ескере отырып, Әл-Фараби, Саин және шығыс айналма жолындағы жылдамдық сағатына 60 километрмен шектеледі. Бақылау үшін 142 бекетте «соқыр аймақтары» жоқ камералар орнатылады. Жылдамдықтың сағатына 20 шақырым төмендеуі ондаған өмірді құтқаруы мүмкін», — деді Бауыржан Байбек Астанада өткен ОКҚ брифингінде.

Әкім Алматының елдегі жол-көлік оқиғаларының саны бойынша бірінші орында тұрғанын айтты.

«Жолдардағы өлім-жітім — көбінесе жылдамдық режимін бұзудың нәтижесі. Мұнда түбегейлі шаралар белгіленді. Сондықтан бір жақты қозғалыс енгізіліп, орталық көшелерде жылдамдық сағатына 40 километрге дейінгі шектелді. Біз көріп отырғанымыздай, Құрманғазы көшесінде ЖКО-ның саны 41 пайызға, ал Шевченко көшесі бойынша — 4 есеге қысқарды», — деп түсіндірді ол.

Сурет: tengri.news

Ещё в ленте

Все новости