Жамбыл өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасының маңыздылығы Таразда талқыланды, деп “ҚазАқпарат”ХАА хабарлайды.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, “Nur Otan” партиясы Жамбыл облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасының жүзеге асырылуына бақылау жасауды партияның облыстық филиалы жанынан құрылған 10 Қоғамдық кеңес жүзеге асыра бастайды. Бұл “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының төрағасы, аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен Саяси кеңес Бюросының отырысында белгілі болды. Отырыста сондай-ақ жаңадан құрылған қоғамдық кеңестердің құрамы, төрағалары және жұмыс істеу қағидалары бекітілді. Отырысты ашқан облыс әкімі партияның сайлауалды бағдарламасының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды екенін атап өтті. “Сайлауалды бағдарламаның жол картасын жүзеге асыру облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында. Осы мақсатта менің орынбасарым Талғат Мамаевтың басшылығымен арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың басшылары, аудандар мен Тараз қаласының әкімдері кірді. Сайлауалды бағдарламаның іске асырылу барысы апта сайын арнайы кеңестерде қаралады, онда мәселелері мен оларды шешу жолдары талданады. Енді бүгінде құрылып жатқан қоғамдық комиссиялар да өз үлесін қосуы тиіс”, – деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
“Nur Otan” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұлов бюро мүшелерін сапалық-сандық құрамымен және жаңа құрылымдар төрағаларымен таныстырды. “Бұл қоғамдық кеңестер өңірде “өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!”. Сондай-ақ олар қолданыстағы заңнаманы дамыту және жаңғырту бойынша өз ұсыныстарын енгізетін болады. Кеңес құрамында 127 адам бар. Сандық және сапалық құрамға келетін болсақ, 39 пайызы-әйелдер, 21 пайызы – 35 жасқа дейінгі жастар. Кеңестерді қалыптастыру кезінде үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен қоғамдық пікір көшбасшыларын тартуға көп көңіл бөлінді. Бұл кеңестердің 26 пайызы. Бұл тәсіл Қоғамдық кеңестер қызметінде ашықтық пен айқындық қағидаттарын қалыптастыруға ықпал ететін болады. Сонымен қатар, жаңа құрылымдардың құрамына аграрлық сектор, өнеркәсіп және кәсіпкерлік өкілдері кірді. Сондай-ақ, кеңес құрамында 19 партиялық праймеризге қатысушы және 11 партиялық резерв өкілі бар. Кеңестердің құрамы облыстық мәслихаттың депутаттық фракциясының мүшелерімен толықтырылды, – деп атап өтті “Nur Otan” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұлов.
Бюро мүшелері қоғамдық кеңестер төрағалары мен мүшелерінің кандидатураларын бірауыздан қолдап, жаңадан құрылған құрылымдар қызметінің ережелерін бекітті. Сондай-ақ, партияның облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысында XXVIII есептік-сайлау конференциясын шақыру мәселесі қаралды. Бюроның шешімі бойынша қоғамдық-саяси іс-шара 5 мамырда өтеді. Отырысты қорытындылай келе, облыс әкімі, “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев қоғамдық кеңестерге партияның сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бойынша үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Жұмысты сапалы орындау керек, бақылау мұқият және объективті болуы керек.