Факты истории

Жақында Қарағанды облысында Техноорталық ашылды. Шахтинск аймағынан барлығы 300 бала тегін оқиды, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.

Орталықта зияткерлік технологиялардың шығармашылық зертханасы бар. Мектептер мен балабақшаларда роботты техника үйірмелерімен айналысатын педагогтар балалармен бірге Техноорталыққа барады.

Техноцентрдің басты ерекшелігі − экскурсия жетекшісі-робот Анатолий. Робот Анатолий — сол Техноорталықтың өнертапқыштары-оқушыларының туындысы. Техникалық орталық станок жабдығымен, 3D — принтерлермен, сканерлермен жабдықталған. Онда 20 үйірме жұмыс істейді, оған 300-ден астам бала қатысады.

Технопарктің есігі роботты техника саласында тәжірибе алмасу үшін балаларға да, мұғалімдерге да ашық.

Сурет: bnews.kz

Ещё в ленте

Все новости