Факты истории

Жаңа вирусты ақылы тестілеу Қазақстанның бірқатар қалаларында басталды

Қазақстандық «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасында ақылы негізде коронавирусты анықтауға ПТР-тестілеуді өткізу іске қосылды. Бұл туралы «Қазақпарат»хабарлайды.

ПТР әдісімен талдауларды орындауға Атырау, Алматы, Нұр-сұлтан, Көкшетау және Қарағанды қалаларының зертханаларында кірісіп кетті.

«ПТР-тестілеудің арқасында адам ағзасындағы РНК-вирустың болуын диагностикалайды. ПТР-талдау вирустың өзін анықтайды және адамның қазіргі уақытта ауыратынын көрсетеді. Осы себепті коронавирустық инфекцияға диагнозды зертханалық растау үшін талдау қажет. Әрі қарай ПТР-тесттер Қазақстан Республикасының басқа қалаларында қолжетімді болады», — деп түсіндірді клиникада.

Сонымен қатар, зертханада осындай тест тапсыру үшін адамның қалай дайындалуы керектігі туралы ақпарат берілді.

Мұндай зерттеу жүргізу құны 19220 теңге, ал биоматериал алу бағасы-540 теңге.

«ПТР-талдаулар жүргізу үшін барлық үй — жайлар мен жабдықтар мұқият дайындалды, жеке қорғаныс құралдары сатып алынды, зертханашыларға арнайы оқу жүргізілді», — деп қосты клиникада.

ПТР-тесттер және экспресс-тесттер әртүрлі диагностикалық мәнге ие: ПТР-талдау ағзада вирусты анықтайды, ал экспресс-тестілеу көмегімен коронавирустық инфекцияға иммундық жүйенің реакциясын бағалау, сондай-ақ оған антиденелерді анықтау жүргізіледі.

Сурет: lenta.inform.kz

Ещё в ленте

Все новости