«СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы ресейлік «Спутник V» вакцинасының 2 млн дозасынан астамын сатып алды. Оның жартысы өңірлерге таратылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Препарат кесте бойынша жеткізіледі. Елімізде ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін 10 миллионға жуық адамды егу жоспарланды. Премьер-Министр Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша, осы айдан бастап өңірлерде вакциналау қарқыны артады.
Ай сайын 2 миллион адам екпе алады. Науқанды қыркүйек айында толығымен аяқтауды жоспарлап отыр. Дәрігерлер сәуір айының соңында жергілікті QazVac вакцинасы шығады деп күтуде. Басқа өндірушілерден де вакцина сатып алу мүмкіндігі пысықталуда.
Қыркүйек айына дейін Қазақстанның он млн азаматы коронавирусқа қарсы егіледі











